Жаңалықтар

Қазақстанға еркін, мықты әрі өзіне сенімді жастар қажет…

Бұл туралы «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілі Азат Перуашев Алматы қаласында жастармен кездесуінде мәлімдеді.

Шараға партияның қалалық филиалының төрағасы Қуандық Бисқұлтанов, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар —  партия төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев, «KBT Group» компаниясының бас директоры Азат Сембиновтер қатысты. Кездесу «KBT Group» компаниясында өтті.

Кәсіпорын басшылығы компания қоймасында экскурсия ұйымдастырды. Онда партия мүшелері  компанияның жобаларымен және жұмыс жағдайларымен танысты.

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Азат Перуашев «KBT Group» жастар ұжымына «Түбегейлі өзгерістер қажет» сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді. «Жастардың еркін таңдау жасауына мүмкіндік болуы керек. Ойларды еркін ойлау мен таңдаудан шектеу өтірік айтуға үйретуге және тұлға ретінде оған зорлық-зомбылық жасағанмен тең. Мұндай ұрпағы бар ұлт басқаларды алдау мен оларға бағынуға мәжбүр болады. Қазақстанға еркін, мықты әрі өзіне сенімді жастар қажет», — деді А.Перуашев.

akzhol.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button